Референдумда байқаушылар жақсы жұмыс істеді - саясаттанушы пікірі

Кейбір учаскелерде байқаушы ретінде 10 адамға дейін отырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Күні кеше болған ел тарихындағы елеулі оқиға - демократиялық дамудың маңызды қадамы". Саясаттанушылар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Референдумда байқаушылар жақсы жұмыс атқарды". Бұл – Алматы қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Бекнұр Қисықовтың пікірі. Оның сөзінше, бірнеше дауыс беру орнына барып, жағдайды бақылаған. Кейбір учаскелерде байқаушы ретінде 10 адамға дейін отырған.

"Ереже өте керемет, нығайтылған. Өте жоғары деңгейде өткізілді. Президент,  мәжілістің сайлауында қадағалап жүрмін, сондықтан жылдан-жылға дәрежеміз жақсы болып жатыр", – деді  қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Бекнұр Қисықов.

Ал саясаттанушы Нұргелді Әбдіғани «референдумға жас сайлаушылардың көп келгені көңіл қуантады» дейді. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, белсенді қатысу – бәрімізге ортақ міндет дегенді алға тартады. Бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, республика ертеңіне тікелей әсер ететін маңызды күн.

"Референдум – электоралды процесстің ең демократиялық тәсілдердің бірі. Өйткені Мемлекет басшының "Еститін мемлекет" деген концепциясына сәйкес келеді.  АЭС сияқты Қазақстан үшін тағдыршешті мәселе бір адамның "айттым, бітті, кестім, үзілді" деген пәрменімен шешілмейді. Жалпы халықтың, сарапшылардың пікірімен санаса отырып, халық таңдауының негізінде шешім қабылдануы – демократиялық тәсіл деп бағалағанымыз жөн, – деді саясаттанушы Нұргелді Әбдіғани.

Айта кетейін, тәуелсіздік алғалы елімізде референдум осымен 4-рет өткізілді. Бұл жолы халық атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты дауыс берді.

Гүлмарал Изатқызы, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында дауыс берушілердің 82,48 пайызы таңдауын жасаған

Новости партнеров