Аягөзде қаза болған сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

21.05.2025 16:06

Бөлімшеде үш-ақ апта болған ол ант қабылдап үлгермеген

Almaty.tv

Әскери борышын өтеуге барып, артынша қаза болған сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 19 мамырда Аягөз аудандық ауруханасында гипертоксикалық формадағы бактериялық менингиттен көз жұмған. 18 жастағы сарбаз әскерге СҚО-дан сәуірде аттаныпты. Бөлімшеде үш-ақ апта болған ол ант қабылдап та үлгермеген. Ал марқұмның анасы бұл жайтқа қатысты пікірін әлеуметтік желіде білдірді. Ол ұлының денсаулығы бұған дейін нашар болғанын, бірақ соған қарамастан оны танк бөлімшесіне жібергенін айтты. Әзірге шақыру комиссиясының жұмысын тексеруге қатысты хабарлама жарияланбады.

Оқи отырыңыз: Бір адам мойнына алмаса, бәрімізге қиын болады: Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақ сұқпағанын айтты