Аида Балаева қазақстандық әншіні халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады

24.04.2026 10:57

Жоба Димаш Құдайберген бастамасымен ұйымдастырылған

facebook/Aida Balayeva

Қазақстандық жас әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасында топ жарып, ел абыройын асқақтатты. Оның жеңісі өнерсүйер қауым тарапынан жоғары бағаланып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас өнерпазды құттықтап, оның жетістігіне ерекше тоқталды.

«Нұржастың таланты, еңбегі мен сахнадағы шеберлігі әлемнің әр елінен келген қатысушылар арасында ерекше танылып, лайықты түрде жоғары бағаланды», – деді Аида Балаева.

Жоба Димаш Құдайберген бастамасымен ұйымдастырылған. Байқау Түркістанда басталып, Ақтау мен Алматы қалаларында жалғасып, Астанада қорытындыланды.

Жобаға Қытай, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстаннан келген қатысушылар қатысып, Қазақстанның тарихи орындарын аралап, ұлттық мәдениетімен танысты.

«Өнер жолында табанды еңбек етіп, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген жас дарын иесіне алдағы уақытта да жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін», – деді министр.

Нұржас Садырбаевтың бұл жеңісі қазақстандық өнердің халықаралық деңгейде танылуына тағы бір серпін берді.

Оқи отырыңыз: Алматыда қайта өңделетін және қауіпті қалдықтарды қабылдау бойынша экоакция өтеді