Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Айдос Рысбаев Қазақстан ҚР ІІМ орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Айдос Рысбаев 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.

1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы ІІБ криминалдық полициясында қызмет атқарды.

2005 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласының полиция департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда болды.

2019-2022 жылдары Нұрсұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары.

2022 жылдан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда қаласында автогаздың бағасы төмендеді

 

Новости партнеров