Ақмола облысында жасөспірімнің өліміне қатысты сот үкімі шықты

15.07.2026 20:01

Қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында Ынтымақ ауылында болған

Ақмола облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 14 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тергеу мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында Ынтымақ ауылында болған.

Айыпталушы жасөспірімді аңдып, оған жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп, кейін қасақана өлтірген.

Сот шешімімен ер адам «аңду», «зорлау» және «кәмелетке толмаған баланы өлтіру» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындалды. Сонымен қатар ол өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сотталған адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады», – деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматының Ақжар шағынауданында 89 көше жаңартылып жатыр