Астанада автонесие түрінде қаржы пирамидасын құрғандарға сот үкімі шықты

Тергеу мәліметінше, оның құрамында 10-нан астам адам болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырып, алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Тергеу мәліметінше, оның құрамында 10-нан астам адам болған. Олардың әрқайсысына нақты міндеттер жүктеліп, ұйымдаса әрекет еткен. Күдіктілер азаматтарды автокредит рәсімдеуге үгіттеп, оған келіскендерге 1 миллионнан 2 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйақы уәде еткен.

Сонымен қатар автонесие бойынша ай сайынғы төлемді өздері өтейтінін айтып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Алайда несиеге рәсімделген автокөліктер кейін заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі Қазақстаннан шығарылған. Қылмыстық әрекет салдарынан 100-ден астам азамат зардап шеккен. Жалпы саны 165 автокөлік заңсыз схема арқылы рәсімделген. Сот үкімімен топ мүшелері 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: Арзан бағаның арбауы: Үш мыңға жуық қазақстандық интернет-алаяқтардың құрбаны болды