Ақтауда тұрғын үй өртеніп, бір бала көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv

Жалынның жалпы аумағы 20 шаршы метрді қамтыған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда тұрғын үй өртеніп, бір адам қайтыс болды. Қайғылы жағдай қаладағы 9 қабатты үйлердің бірінде болға, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар пәтерден ес-түссіз жатқан кәмелетке толмаған баланы тауып, оны жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Өкінішке қарай, медициналық көмектің көрсетілгеніне қарамастан, бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің 15 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жалынның жалпы аумағы 20 шаршы метрді қамтыған.

«Оқиға орнына ТЖД күштері 6 минут ішінде жетті. Жеке құрамның 15 қызметкері және 4 техникасы жұмылдырылды. Өрт 09:28-де толық сөндірілді. Өрттің аумағы 20 шаршы метр болды», – деді Маңғыстау облысы ТЖД ресми өкілі Ерлан Сұлтанмұратов.

Оқи отырыңыз: Шымбұлақта қысқы маусым ашылды

Новости партнеров