Павлодар және Ақсуда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Depositphotos
Depositphotos

Мұндай шешімді Ақсу қаласының білім беру бөлімі де қабылдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстың бірнеше қаласы мен аудандары түстен кейін оқитын бастауыш сыныптарды онлайн форматқа көшірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Павлодар облыстық білім беру басқармасынан хабарлады.

"2005 жылғы 9 желтоқсанда Павлодар қаласының барлық мектептерінде қолайсыз ауа райына байланысты мектепалды даярлық топтары мен 1-4 сыныптардың екінші ауысым оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ауа температурасы минус 15, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 8-14 метр", — деп мәлімдеді басқармадан.

Сондай-ақ мұндай шешімді Ақсу қаласының білім беру бөлімі де қабылдады. Мұнда барлық мектепттегі оқушыларды тасымалдау тоқтатылды.

Облыстық білім беру басқармасының ақпаратынша, Ақтоғай, Железин, Тереңкөл, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарының бастауыш сыныптары да үйден оқиды.

Оқи отырыңыз: Ақтауда тұрғын үй өртеніп, бір бала көз жұмды

 

Новости партнеров