Ер адам 20 желтоқсанда түстен кейін мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған
Ақтөбе облысында ТЖМ және жергілікті қызметтердің күштері іздестіру операциясын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ведомство мәлімеінше, кеше кешкі уақытта Ақтөбе облысының Темір ауданында 1984 жылғы малшыны іздестіру мақсатында іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам 20 желтоқсан күні түстен кейін мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Онымен ешкім байланысқа шыға алмаған», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, ПД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты және Starlink спутниктік байланысы бар ТЖМ тобы жіберілді.
«Бүгін іздестіру тобы жоғалған азаматты Шұбарқұдық кентінен 30 шақырым қашықтықтан тапты. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде радиоактивті уран сатпақ болғандар ұсталды