Ақтөбе облысында екі адам суға батып кетті

02.12.2025 18:25

Екеуі де үйден шығып, қайта оралмаған

Ақтөбе облысында екі бірдей адам суға батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмдардың жоғалғаны туралы ақпарат кеше тараған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екеуі де үйден шығып, қайта оралмаған. Іздеу жұмыстары нәтижесінде 16 жастағы жасөспірімнің денесі Ілек өзенінің жағасынан табылды. Ал бір күннен кейін 27 жастағы ер адамның мәйіті су астынан шығарылды. Бүгінде аталған жайтқа қатысты іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Іздеу жұмыстарына жылу камералы ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық және водолаздық есеп, жерүсті техникасы мен жүзу құралы жұмылдырылды. Бүгінде іс қажетті процессуалдық шараларды жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне берілді», – деді Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Аслан Арзымбетов.

Оқи отырыңыз: МӘМС: аудандық ауруханада күрделі ота жасалды