Ақтөбе облысында медициналық инфрақұрылымды дамытуға 5,7 млрд теңге бөлінді
Қаражатқа өңірде үш жоба жүзеге асырылады
Ақтөбе облысында медициналық инфрақұрылымды дамытуға 5,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаражатқа өңірде үш жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қалада жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасы, Ырғыз ауданында емхана және Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына қосымша ғимараттар салынады. Жобалар Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылмақ. Барлық нысанды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Аталған бастамалар медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Оның құрылысы Қарғалы және іргелес аумақтардың тұрғындарына жедел көмек көрсету кезінде бригадалардың шақырту орнына жету уақытын қысқартуға және шұғыл көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Қалған 2 жоба қолданыстағы медициналық нысандарды кеңейтуді көздейді», – деді Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев.
Оқи отырыңыз: Халықтың Президентке сенімі артты: көрсеткіш 86,7 пайызға жетті