Қылмыстық іс сотқа жолданды
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Авиажөндеу зауыты № 406 ГА» АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған.
"МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуекемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді жалған сатып алу тиесілі бақылауындағы компаниялар арқылы жүргізілген. Зауыттың құжаттарында аталған агрегаттар қоймадан алынған және күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған ретінде көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған. Кейіннен олардың пайдаланылғанын формалды түрде растайтын есептен шығару актілері бекітілген", — делінген ҚМА хабарламасында.
Мемлекетке келтірілген шығын 110 млн теңге.
Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрына «академиялық» мәртебе берілді