Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды

17.03.2026 20:59

Бір адам Байғанин аудандық ауруханасына жеткізілді

Almaty.tv

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды  Полиция қазір тергеу жүргізіп жатыр. Бір адам Байғанин аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болды. «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысқан. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Балалардың 60 пайызы әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады - сарапшылар