Ақтөбеде көпір үстінде болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде үш көліктің соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмып, тағы үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 5 желтоқсанда шамамен сағат 22:00-де, 5-шағынауданындағы көпірде - А.Молдағұлова мен Тургенев көшелерінің қиылысында болған. Соққыдан бір көлік аударылып, екіншісінің алдыңғы бөлігі қатты қираған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сәркүловтың айтуынша, жол апатына Subaru, Lexus және Chevrolet Cobalt маркалы көліктер қатысқан.

«Оқиға орнында Subaru жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза болды. Үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деді ол.

Алдын ала деректер бойынша, Lexus автокөлігінің жүргізушісі Subaru-мен соқтығысқан. Соққыдан бағытынан айырылған Subaru алдында келе жатқан Chevrolet Cobalt-қа соғылған.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының толық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында шекара заставасындағы өрттен әке мен бала қаза тапты

Новости партнеров