Ақтөбеде оқушылар қашықтан оқып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv

Өңірдегі синоптиктер 16-22 желтоқсан күндері аралығында аяз бен жел күшейетінін хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында 1-11 сынып оқушылары онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі кезде Ақтөбеде 1-8 сынып оқушылары онлайн білім алып жатыр. Дегенмен түстен кейін де қашықтан оқытуға шешім шықты.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Облыстағы барлық білім беру ұйымдары онлайнға көшті", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы.

Өңірдегі синоптиктер 16-22 желтоқсан күндері аралығында аяз бен жел күшейетінін хабарлады. Әсіресе 16-18 күндері аралығында желдің жылдамдығы секундына 15-17, кей жерлерде 20 метрге жетеді. Ауа температурасы -10-13, кей жерлерде түнде 15-20 градус аяз болады.

Айта кетейік, БҚО-да 51 мектеп қашықтан оқуға көшеді

 

Новости партнеров