Ақтөбеде самокат бизнесін сылтау еткен қаржы пирамидасының өкілдері сотталды

Гусман Алмас Гусманулы

Қаржылық мониторинг агенттігі 115 салымшының 197 миллион теңгеден астам шығынға батқанын анықтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде халықаралық компания атын жамылып, халықтың қаражатын жымқырған қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

2024 жылы бір топ азамат өздерін «шетелден электр самокаттарын сатып алып, жалға берумен айналысатын кәсіпорын» ретінде таныстырып, заңсыз әрекеттерін бастаған. Олар сенімге кіру үшін әлеуметтік желілерде белсенді жарнама жүргізіп, Ақтөбе қаласында арнайы кеңсе жалдап, офлайн кездесулер өткізіп келген.

Сот шешімімен қылмыстық топ мүшелері 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, заңсыз жолмен келген қаражатқа алынған 3 автокөлік мемлекет пайдасына тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 303 зертхана жұмыс істеп тұр: ғылым мен бизнестің интеграциясы

Новости партнеров