Ахмет Жұбановтың мұрасы: алматылықтар назарына 70-тен аса жәдігер ұсынылды

12.11.2025 19:08

Әйгілі композитордың сирек қолжазбалары, жеке заттары және фотосуреттері экспозиция ретінде қойылды

Алматыда «Ахмет Жұбанов: өнер мұрасы мен тағылымы» атты жылжымалы көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әйгілі композитордың сирек қолжазбалары, жеке заттары және фотосуреттері экспозиция ретінде қойылды. Жалпы келушілер назарына 70-тен аса жәдігер ұсынылыпты. Іс-шара барысында Отырар сазы фольклорлық этнографиялық оркестрі Нұрғиса Тілендиевтің күйлері мен әндерін орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көрме ұлттық өнерге қызығушылықты арттырып, ұлы тұлғаның шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталған.

«Биыл Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде, халықаралық деңгейде тойланып жатыр. Осыған орай, Нұрғиса Тілендиев мемориалды музейінде ұлы тұлғалардың іс-шараларын насихаттау және өткізу – басты жоспар мен мақсат», – деді  Н.Тілендиев мемориалды музейінің жетекшісі Ақжан Әбдіқадырова.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 12 оқушы астан уланды