Ахмет Жұбановтың таңдаулы ғылыми мақалалар жинағының тұсауы кесілді

Алматыда қазақ музыкатану ғылымының негізін қалаушы, академиктің 120 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақ музыкатану ғылымының негізін қалаушы, академик Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Композитордың туыстары, отандық және шетелдік ғалымдар мен өнер қайраткерлері қатысқан жиында дирижердің мұрасы жан-жақты талқыланды. Бұдан бөлек, музыкатану ғылымының өзекті мәселелері – ұлттық өнерді цифрландыру, теориялық жүйелеу және музыкалық білімдегі инновациялар сөз болды. Сондай-ақ таңдаулы ғылыми мақалалар жинақтарының тұсауы кесілді

«Ахмет Жұбановтың қазақ өнеріне, қазақ мәдениетіне еткен еңбегі жыл сайын көркейіп, жыл сайын жайнап, өсіп келе жатыр. Қазақтың өнерсүйер қауымының барлығын осы жерде басын қосып, Ахмет Жұбановтың 120 жылдық тойына арналған халықаралық конференцияны өткізіп отырмыз», – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов.

«Ғазиза Ахметованың шәкірттері үшін, Ахмет Жұбанов атындағы мектепті бітірген шәкірттері үшін ұлы адамдардың өсиет қылып қалдырған ғылыми еңбектері, өнердегі композиторлық-дирижерлік, ғылыми жұмыстары – бәрі біз үшін өте үлкен мәйек», – деді Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова.

Оқи отырыңыз: Қазақ музыкасының алып тұлғасы Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толды

Новости партнеров