Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Есірткі саудасымен айналысқандар түгелдей қолға түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында есірткі таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталып, 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

11 адамнан құралған ұйым гашиш есірткі затын саудалаған. Құқық қорғаушылар іске қатысы бар азаматтарды жедел іздестіру іс-шарасының аясында түгелдей қолға түсіріпті. Қазір олар темір торға қамалған.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

"Есірткі заттарын тарату «Telegram» мессенджеріның «Nike», «Targaryen», «Daenerys», «Miyagi» және «Sova» каналдарында байланысыз тәсілмен жүргізілген. Өткізу орындары Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарында болған. Ақша қаражаттары «Simply» (Beeline компаниясының еншілесі) төлем бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған. Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енбеген. Есірткі және прекусорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес Ақмола облысы прокуратурасының қатаң бақылауына алынды", - деді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Арман Садыханов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға жеткізілетін жаңажылдық ойыншықтардың сапасы қалай тексеріледі

Новости партнеров