Ақтауда бір топ жігіт көшеде төбелес шығарды
стоп кадр
Куәгерлер төбелесті бейнежазбаға түсіріп, таратып жіберді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтауда бір топ жігіт көшеде төбелес шығарды. Оқиға 12 А шағын ауданында тұрғындардың көзінше болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Куәгерлер төбелесті бейнежазбаға түсіріп, таратып жіберді. Бейнежазбада жерде жатқан адамды екі бірдей жігіт жабылып ұрып жатыр. Жанжалға тағы бір кісі араласып, төбелесіп жатқандардың бірін аяғымен теуіп жібереді.
Бұл оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қытайдың оңтүстігінде көшкін жүріп, үш адам қайтыс болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33