Қытайдың оңтүстігінде көшкін жүріп, үш адам қайтыс болды
Mayukh Karmakar/unsplash.com/
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында көшкін жүріп, салдарынан үш адам қаза тауып, бір адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жексенбі күні таңғы сағат 07:00 шамасында Гаочжоу қаласына қарасты Пинтоуган ауылында болған. Табиғи апат салдарынан үш қабатты бір ғимарат қирап, жеті адам үйінді астында қалып қойған.
Құтқару топтары алты адамды таба алды. Алайда, медициналық көмекке қарамастан, олардың үшеуі ауруханада қайтыс болды. Қалған үш адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы жастардың қанша пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33