Ақтауда бір топ жігіт көшеде төбелес шығарды

20.05.2025 08:54

Куәгерлер төбелесті бейнежазбаға түсіріп, таратып жіберді

стоп кадр

Ақтауда бір топ жігіт көшеде төбелес шығарды. Оқиға 12 А шағын ауданында тұрғындардың көзінше болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Куәгерлер төбелесті бейнежазбаға түсіріп, таратып жіберді. Бейнежазбада жерде жатқан адамды екі бірдей жігіт жабылып ұрып жатыр. Жанжалға тағы бір кісі араласып, төбелесіп жатқандардың бірін аяғымен теуіп жібереді.

Бұл оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. 

"Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", — делінген хабарламада. 

 Оқи отырыңыз: Қытайдың оңтүстігінде көшкін жүріп, үш адам қайтыс болды