Ақтауда көлік қаққан жасөспірімдер жансақтау бөлімінде жатыр

Полиция аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда 2013, 2014 жылы туған жасөспірімдерді көлік қақты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға қаладағы шағынаудандардың бірінде болған. Бейнебақылау камерасынан байқағанымыздай, балалар жолдың екінші бетіне өтуге оқталыпты. Көліктердің тоқтағанына көз жеткізген үшеуі жүргіншілер жолағымен жүреді. Сол сәтте екі жасөспірім алға шығып, жолаққа жақындаған сәтте қатты жылдамдықпен келген автокөлік балаларды қаққан. Қазір полиция аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал балалардың жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр.

«Науқастарда бас ми жарақаты, екінші сатыдағы қарынша ішегіне қан кету және беті мен денесінің сынықтары бар. Науқастың жағдайы ауыр. Бір бала ес-түссіз комада, жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі таңда дәрігерлер әлі де тексеру жұмыстарын жүргізуде, балалардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында», – деді облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы Жұлдызай Қалиева.

Оқи отырыңыз: Балаларымызға негізсіз айып тағылып отыр: жалған ордемен ұсталған екі жасөспірімнің анасы алаңдап отыр

Новости партнеров