Әзербайжан елінен келген дәрігерлер де маңғыстаулық әріптестеріне алғыстарын айтты
Апаттан аман қалған азаматтардың дені еліне оралды. Құтқарушылар үш қырғызстандықты Отанына алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір Ақтаудағы ауруханада тағы 3 Әзербайжан азаматы ем алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңғыстау облыстық ауруханада Әзірбайжан елінің үш азаматы жатыр. Олардың екеуі жасанды аппараттың көмегімен, біреуі өзі тыныс алуда. Бүгін екі жақтың дәрігерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілгеннен соң, олар да еліне қайтады.
"Екі науқас өкпені жасанды желдету аппараты арқылы демалып жатыр. Бір науқасты аппараттан ажыратылды, жағдайы қалыпты. Есі анық, жол жүруге денсаулығы жарайды", – деді Маңғыстау облыстық Көпбейінді ауруханасының реаниматологі Бақытжан Қойбеков.
Әзербайжан елінен келген дәрігерлер де маңғыстаулық әріптестеріне алғыстарын айтты. Олардың шұғыл әрекетінен осыншама адам аман қалды.
"Жергілікті мамандар қырағылық танытты. Олардың шұғыл әрекеті, дер кезінде маңызды шешім қабылдауы науқастардың денсаулығының жақсартуына әсер етті. Үш азаматымыз осында жатыр. Оларды елге алып кеткеннен кейін ем-дом шараларын жалғастырамыз", – деді реаниматолог Исмаил Әлиев (Әзербайжан).
Үш әзірбайжандықтың жағдайы тұрақталып келеді. Оларды санавиацияның көмегімен бүгін жолға шығады.
Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтауға келді