Ақтаудағы ұшақ апаты: екі жазба құрылғысы табылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Талғат Ластаев «қара жәшіктердің» екі түрге бөлінетінін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL компаниясының ұшағында екі сағаттық жады бар өздігінен жазатын құрылғы орнатылған. Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Әдетте, бұл екі жазба құрылғысы әуе кемесінің артқы бөлігінде орналасады. Аталған ұшақтан (Embraer E190 — ред.) екеуі де табылды және қазіргі уақытта оларды оқу үшін тасымалдап жатыр. Нақты әуе кемесінде экипаж бен ұшақтың екі сағаттық қызметін жазатын жазба құрылғысы орнатылған. Тергеушілерге оқиғаның барлық дерлік бейнесі айқын көрінеді", — деді вице-министр.

Сондай-ақ Талғат Ластаев «қара жәшіктердің» екі түрге бөлінетінін айтуда.

"Біріншісі — CVR деп аталатын дыбыстық өздігінен жазатын құрылғы. Ол ұшақта болған барлық оқиғаларды, экипаж мүшелерінің арасындағы хабарламалар мен аудиодиалогтарын жазады. Ұшу басталған сәттен-ақ бұл құрылғы автоматты түрде экипаждың қандай сөздерді айтқаны, қалай жауап қатқаны секілді барлық параметрлерді жазады. Екіншісі — FDR атты техникалық жазба құрылғысы. Ол ұшақтың техникалық параметрлерін — қозғалтқыштың айналу жылдамдығы, май қысымы, гидравликалық қысым, джойстиктің немесе рульдің орналасу бұрышы, аэронавигациялық мәліметтер және басқа да деректерді жазып отырады", — деп түсіндірді Т. Ластаев.

Оқи отырыңыз:Әлемде желтоқсанда қандай ұшақ апаты болды 

Новости партнеров