Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары мәлім етті
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қазақ тапқан жандардың отбасына мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
— Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аясында асыраушысынан айрылу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданды. Жергілікті құрылым желісі бойынша демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасаймыз. Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазір оның мөлшері анықталады. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылады, — деді Ақмәди Сарбасов Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында.
Оның мәлімдеуінше, асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі.
— Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 257 мың теңге төлем жасалады, — деді ол.
Оқи отырыңыз: Қаза тапқандардың мәйітін анықтау жұмысы жалғасып жатыр – ТЖМ