Ақтөбе облысында ауыл әкімі өз-өзіне қол салмақ болды

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Бұл туралы ресми түрде Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиев хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінің 47 жастағы әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Оқиға 7 шілдеде болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ресми түрде Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиев хабарлады. Оның айтуынша, шенеуніктің әйелі өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алған.

47 жастағы ер адам 7 шілде күні Алға аудандық ауруханасына түсті. Жағдайы тұрақты, жалпы палатада ем қабылдап жатыр, - деп мәлімдеді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, - деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Атырауда 17 келіден астам есірткі тәркіленді

Новости партнеров