Ақтөбеде 17 жастағы қыз үш жыл бойы қорлық көріп келген

Кәмелетке толмаған қыз екі рет түсік жасатып, екі рет отаға түскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде менталдық ауытқуы бар 17 жастағы қызға жасалған көпжылдық зорлық-зомбылық ісі тергеліп жатыр. Бұл туралы құқық қорғаушылар мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың айтуынша, бойжеткен шамамен үш жыл бойы қорлық көрген. Ал бұл уақытта анасы баласының жағдайына немқұрайлы қараған көрінеді. Себебі сол аралықта кәмелетке толмаған қыз екі рет түсік жасатып, екі рет отаға түскен. Оқиғаның өзі кездейсоқ белгілі болыпты. Анықталғандай, бойжеткен белсенділерден дәрі-дәрмек алуға көмек сұрап жүгінген. Бірақ сол азаматтар оны алып кетіп, зорлық көрсетіпті. Ал полицияның мәлімдемесінде, қарым-қатынас өзара келісім негізінде болғаны айтылған. Қазір барлық мән-жайды анықтауға өңірдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі де қосылды.

«Отбасына полиция қызметкерлері, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелерімен бірге бардым. Тұрмыс жағдайымен таныстық. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Белгілі болғандай, анасы ата-ана құқығынан айырылмаған және шектелмеген. Бұл жағдайды жеке бақылауымда ұстап отырмын», – деді бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Айгүл Нұркеева.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында пластик өңдейтін зауыт тұрғындардың тынысын тарылтты

Новости партнеров