Сондай-ақ жарақат алған екі адамның жағдайы туралы айтылды
ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.
Аэродром аумағында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын бактары өртенген.
Сондай-ақ ҚазАқпарат хабарлауынша, облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлері күйік шалып, жарақат алған екі адамды емдеп жатыр.
"Екі науқастың да жағдайы тұрақты ауыр. Бір науқастың қолын күйік шалған. Оның мойын омыртқасы сынған. Екіншісі науқастың кеуде тұсы, өкпесі зақымданған. Оның да қолын күйік шалған", — деді Көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Азамат Турушев.
Еске салайық, бүгін Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, соның салдарынан бір адам қаза тапты. Екі адам ауруханаға жеткізілген.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты