Ақтөбеде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Пресс-служба МЧС РК
Пресс-служба МЧС РК

Қайғылы оқиға 9 қарашада болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 қарашада болған.

"3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

Авиациялық оқиғаның алдын ала себебі - техникалық ақаулық", - делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі”, - делінген хабарламада.

Новости партнеров