Алаяқтардан сақ болыңыз: Каспий қасіретінен қаза тапқандардың отбасыларына көмектесу үшін ресми шот ашылды
Бұл іспен «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі айналысып жатыр
Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін арнайы есепшот ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазір бұл іспен «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі айналысып жатыр. Облыс әкімдігі бұл материалдық көмектің тек ерікті түрде көрсетілетінін мәлімдеді. Жергілікті билік таратқан ақпаратқа сай, азаматтардан, бизнес өкілдерінен және ұйымдардан материалдық көмек көрсеткісі келетіндер туралы көптеген өтініш түскен.
Ал алаяқтықтың алдын алу мақсатында облыс әкімдігі азаматтарды ақша қаражатын жеке банк карталарына, жекелеген адамдардың шоттарына немесе белгісіз реквизиттер бойынша аудармауға шақырады.
Оқи отырыңыз: Банктер несиені жабады: қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатыр