Референдумға дейін:
19
күн
3
сағат
57
минут

Алаяқтық: Түркияда бой тасалаған ер адам елге қайтарылды

Ол тергеу изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте алаяқтық жасап, 95 млн теңгені қалтасына басқан ер адам елге қайтарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті осыдан 5-6 жыл бұрын 4 адамды алдау жолымен ақшалай қаражатын және жер учаскелерін иемденіп алған. Кейін жасаған іс-әрекеттерінен соң Түркияның Анталья қаласына барып бой тасалаған. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Енді аталған қылмыстары үшін оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

"Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін, заңмен белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті бой тасалады. Осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды. Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланды", – деді Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейсов

Оқи отырыңыз: Пәтер жалдау кезінде алаяқтарға ұрынып қалмаңыз - полиция ескерту жасады

Новости партнеров