Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Бас прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің 2023 жылы интернет сайттарында шетелдік көліктерді сату туралы көрiнеу жалған жарнамалар жариялау арқылы жеті азаматтың ақшасын ұрлағаны анықталды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылғы шілдеде ол Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Оқи отырыңыз: Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстан тағы екі мәрте жеңіске жетті

Новости партнеров