Турнир аясында қазақстандық командалар топтық кезеңде екі жеңіске қол жеткізді
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатындағы өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Турнир аясында қазақстандық командалар топтық кезеңде екі жеңіске қол жеткізді.
Әйелдер:
Қазақстан - Моңғолия 3:0:
Зәуреш Ақашева - Буренджаргал Санджаа 3:0;
Сарвиноз Миркадирова - Болор-Эрдэнэ Батмөнх 3:1;
Әнел Бақыт - Эгшиглен Бат-Эрдэнэ 3:0.
Ерлер:
Қазақстан - Мысыр 3:2:
Кирилл Герасименко - Омар Ассар 3:0;
Алан Құрманғалиев - Мохамед Эльбеали 3:1;
Ескендір Харки - Юсеф Абделазиз 0:3;
Алан Құрманғалиев - Омар Ассар 2:3;
Кирилл Герасименко - Мохамед Эльбеали 3:1.
Бүгін, 30 сәуірде ерлер құрамасы Таиланд командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады. Ал әйелдер құрамасы Чехиямен ойнайды. Кездесудің басталуы - 21:00.
Еске салсақ, бір күн бұрын Қазақстан ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберген болатын.
Оқи отырыңыз: Мамыр мерекелерінде қазақстандықтар қалай жұмыс істейді