Биыл жазда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты арқылы жетіуге болады
Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Теміржол көлігі:
Биыл жазда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты арқылы жетіуге болады. Оның 4-еуі — жыл бойы қатынайтын бағыт болса, тағы 9-ы — маусымдық қосымша бағыттар. Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен және Ақтоғай қалаларынан қатынайды.
Алматы – Алакөл:
Астана – Алакөл:
Басқа бағыттар:
Әуе қатынасы:
2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық әуе компаниясы Алакөлдің қасында орналасқан Үржарға субсидияланатын рейстерді орындай бастайды. Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 6 рейс орындалады. Астана - Үржар бойынша бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге, ал Алматы - Үржар бағыты бойынша – 14 мың теңге.
Сондай-ақ, жаз мезгілінде Ушарал қаласына субсидияланатын әуе рейстерін іске қосу мәселесі пысықталуда.
Автомобиль көлігі:
Жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» жолы Алакөлге дейін апарады. Бұл жолға толықтай жаңа асфальт төселді.
Жетісу облысы жағынан Үшарал арқылы одан кейін 180 шақырымдық «Үшарал – Достық» жолымен өтіп, көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады.
Абай облысы жағынан «Таскескен – Бақты» жолы арқылы Мақаншы ауылына (133 км), әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына жетуге болады.
Алакөл көліне апаратын барлық республикалық маңызы бар автожолдарда жаңа асфальтбетон жабыны төселді.
Оқи отырыңыз: Астана тұрғындары жедел жәрдем бригадасының қозғалысын бақылай алады