Бұл жинақта саяси қуғын-сүргінге ұшыраған түркітанушы және фольклортанушы ғалымдардың өмірі мен ғылыми қызметі жайлы жазылған
Алматыда Ұлттық ғылым академиясының академигі, фольклортанушы ғалым Сейіт Қасқабасовты еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Басқосуға арқау болған тақырып – мәдени антропология мәселелері. Жиын аясында түрколог-ғалымдардың ғылыми мұрасын зерделеуге арналған еңбек жарық көрді.
Бұл жинақта саяси қуғын-сүргінге ұшыраған түркітанушы және фольклортанушы ғалымдардың өмірі мен ғылыми қызметі жайлы жазылған. Туынды ғылыми сабақтастықты жаңғыртуға бағытталған маңызды зерттеу ретінде көпшілік назарына ұсынылды.
«Жасы 80-нен асқан шағында үлкен жобаларды жасап, жүзеге асырып кетті. Соның айқын куәсі, Сейіт Асқарұлының ең соңғы жасап кеткен жұмыстарының бірі – «Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор» деп аталатын еңбегі. Репрессияға ұшыраған қазақ фольклористикасы жөнінде үлкен еңбек жазсам деген ойын айтып жүретін және оны жобаға кіргізіп кеткен. Осы кітаптың тұсаукесерін өткізіп отырмыз», – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов.
«Әдебиеттану саласында да жұмыс істете отырып, антропологиялық әдістерді қолданып, фольклорымызды, ауыз әдебиетімізді зерттеуді жаңа бір биікке көтерген ғалым. Сейіт аға – өз заманында лайықты жұмыс істеген адам», – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшәдин Керім.
Оқи отырыңыз: Отбасы – Конституциядағы негізгі құндылықтардың бірі - сарапшы
.
¤