Алатау ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Оған қоғамдық денсаулық сақтау, білім бөлімі, мемлекеттік кірістер және полиция басқармаларының мамандары қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Оған қоғамдық денсаулық сақтау, білім бөлімі, мемлекеттік кірістер және полиция басқармаларының мамандары қатысып, азаматтардың сұрағы бойынша кеңес берді. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарға мемлекеттік қызмет алу тәртібін түсіндіру, кеңес беру және олардың қолжетімділігін арттыру.

«Іс-шарада жеке кәсіпкерлікті заңдастыруы бойынша көп сұрақ қойылды. Сонымен қатар арест, есеп шоттың бұғатталуына байланысты сұрағына жауап ала алды. Шешілмей жатқан мәселелер болса, ақпараттық жүйе арқылы арызын қалдырып, мемлекеттік орган  арызды заңмен белгіленген уақытта қарап, жауабын береді, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының бас маманы Гүлім Төрехан.  

«Бұл жерде көптеген мемлекеттік ұйымдармен, банк өкілдерімен кеңесуге болады. Мен медициналық қызмет алу мәселесі бойынша сұрап, толыққанды ақпарат алдым. Сонымен қатар банкке қатысты сауалдарым бойынша да кеңес берілді», – деді қала тұрғыны Данияр Кетегенов.

Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматыда мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Новости партнеров