Заң мен тәртіп: Алматыда мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Іс-шараны Алмалы аудандық прокуратурасы ұйымдастырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларымен тағылымды кездесу өтті,деп хабарлайды Аlmaty.tv

Іс-шараны Алмалы аудандық прокуратурасы ұйымдастырды. Басқосу құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға және жастар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.

«Бүгін мектеп оқушыларымен тағылымды кездесу өтті. Оларға өміріміздегі ең маңызды құндылықтардың бірі болып қала беретін «Заң мен тәртіп» идеологиясының негізгі қағидаларын жеткізуге тырыстық. Оқушыларға заңға бағыну, тәртіпті сақтау ең маңызды міндет екенін жеткіздік», – деді Алмалы ауданының прокуроры Әділет Сыздықов.

Оқи отырыңыз: Заң мен әділдік: Алматыда мыңнан аса азамат тегін құқықтық кеңес алды

Новости партнеров