Алатау қаласының тұрғыны 46 жаста дейін құжатсыз өмір сүрген
ЖСН-і болмағандықтан, әйел сотқа өз бетінше жүгіне алмаған
Алатау қаласында прокуратура туғалы жеке басын куәландыратын құжаттары және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болмаған 46 жастағы әйелге көмектесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Анықталғандай, 1980 жылы анасы оның тууын АХАТ органдарында тіркемеген. Сол кезеңдегі медициналық мұрағаттардың сақтау мерзімі өтуіне байланысты жойылуы салдарынан құжаттарды соттан тыс тәртіппен қалпына келтіру мүмкін болмаған.
ЖСН-і болмағандықтан, әйел сотқа өз бетінше жүгіне алмаған, ал әпкесінің бұған дейін берген өтініші қанағаттандырылмаған.
"Азаматшаның құқықтарын қорғау мақсатында Алатау қаласының прокуратурасы сотқа оның туу фактісін анықтау туралы талап қоюмен жүгінді. Сот талапты қанағаттандырды.
Енді әйел тиісті құжаттарын рәсімдеп, медициналық көмек алуға, ресми түрде жұмысқа орналасуға және әлеуметтік қолдауға қол жеткізе алады", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда қазақ және қытай суретшілерінің туындылары қойылған халықаралық көрме ашылды