Алдағы үш күнде ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады

Almaty.tv
Almaty.tv

«Қазгидромет» РМҚ 25–27 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМҚ 25–27 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

"Республика аумағындағы ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауылдар күтіледі", — делінген хабарламада.

25 маусымда еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде, 25–26 маусымда шығысында, 26–27 маусымда батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады.

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде аптап ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі, күндізгі ауа температурасы +23…+28°С-қа дейін төмендейді.

Алайда Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне Ашхабад маңынан құрғақ әрі жылы ауа массаларының келуі жалғасады. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33…+38°С шамасында сақталып, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық +40…+42°С-қа дейін жетеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 22-28 маусым аралығында ауа райы қандай болады