Алдағы күндері күн салқындайды
Almaty.tv
Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазгидромет 21–23 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді.
Күндіз ауа температурасы:
- еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында +20…+30°C;
- орталығы мен шығысында +22…+35°C;
- оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +27…+35°C болады.
Тек еліміздің батысында Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен жоғары температура сақталып, ауа температурасы +30…+42°C-қа дейін көтеріледі.
Оқи отырыңыз: ТЖМ жаз айындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 13:30
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
15.10.2026 17:45