Қазіргі таңда платформаға 1400-ге жуық спортшы тіркеліп, іске қосылған алғашқы үш күннің ішінде 9 мыңға жуық партия ойналды
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығы 9qum.com атты жаңа цифрлық платформаны таныстырды. Жасанды интеллектпен жаттығу, онлайн турнирлерге қатысу, партияларды терең талдау және әлемнің түкпір-түкпіріндегі қарсыластармен ойнау мүмкіндігін ұсынатын жоба ұлттық ойынды халықаралық деңгейде дамытуға жол ашады, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Жобаны тоғызқұмалақшы әрі бағдарламашы Элдар Шаймағамбет пен Есеншораева Әдемі бірлесіп әзірледі.
Бұл заманауи платформа тоғызқұмалақ әуесқойлары мен кәсіби спортшыларға, жаттықтырушыларға және төрешілерге арналған кең мүмкіндіктер ұсынады.
Платформаның негізгі мүмкіндіктері:
Платформаның тағы бір маңызды ерекшелігі – онлайн турнирлерді ұйымдастырудың толыққанды жүйесінің енгізілуі.
Ұйымдастырушылар қатысушылардың тіркелуін, ойындардың өту барысын және нәтижелердің жаңартылуын онлайн режимде бақылап, жарысты тиімді басқара алады. Сонымен қатар ойыншылар бейнебайланыс арқылы бір-бірін көріп отырып ойын өткізе алады. Бұл халықаралық деңгейдегі жарыстарды ашық, әділ әрі жоғары сапада ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда платформаға 1400-ге жуық спортшы тіркеліп, іске қосылған алғашқы үш күннің ішінде 9 мыңға жуық партия ойналды. Бұл жаңа платформаның қысқа мерзім ішінде тоғызқұмалақ қауымдастығының үлкен қызығушылығына ие болғанын көрсетеді.
Осы уақытқа дейін платформада екі онлайн турнир ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық спортшы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Алдағы уақытта платформада:
Бұл жоба – ұлттық зияткерлік мұрамызды заманауи цифрлық технологиялармен ұштастырып, тоғызқұмалақтың халықаралық беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Жаңа платформа спортшыларға шеберлігін шыңдауға, жаттықтырушыларға оқу-жаттығу үдерісін жетілдіруге, ал жанкүйерлерге сүйікті ойынын жаңа деңгейде тамашалауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алматы апорты қайта оралды: тарихи брендтің болашағы қандай