Алғашқы том жарық көрді: Бәкір Тәжібаевтың ұмытылған әндері қайта жаңғырды

Туындыға қаламгердің шығармалары мен 150-ге жуық ән мәтіндері кірген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ақын, драматург, сазгер Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Есіңе мені ал» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Туындыға қаламгердің шығармалары мен 150-ге жуық ән мәтіндері кірген. 1974 жылдан бастап тікелей шығармашылық жұмыспен айналысқан ақын – бірнеше жыр жинақтарының, драмалық шығармалардың, халық арасында кең таралған «Ақбұлақ», «Қара торғай», «Ана жүрегі» ән мәтіндерінің авторы. Көптеген туындылары әлі күнге дейін сахна төрінде шырқалып, халықтың сағынып тыңдайтын әндеріне айналған.

«Жинақ шағру жоспарымызда болды. Сол жинақтың бірінші томы шықты. Бұл жинаққа танымал әрі ұмытылып қалған кейбір әндері енді.Енді екінші томын шығару керек. Екінші томын драмалық шығармаларына арнаймыз», – деді Б.Тәжібаевтың ұлы Жасұлан Тәжібаев.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жасанды жаңбыр технологиясы іске қосылды

Новости партнеров