Алимент жыры: Шымкентте жауапкершіліктен қашқан әке сотталды

22.05.2025 18:26

Оның қарызы 1 миллион теңгеден асып кеткен

Шымкентте баласына бір тиын да бермеген әке сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауапкершіліктен қашқан ер адамның алимент бойынша қарызы 1 миллион теңгеден асып кеткен. Бұған дейін бірнеше рет ескерту алып, қылмыстық іс қозғалғанымен, ешқандай шараға құлақ аспапты. Соңында сот оны алты айға түрмеге қамау туралы шешім қабылдады.

 «Алимент жөніндегі міндетін үш айдан астам уақыт орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартылатындығын еске түсіреміз», – деді қала прокуратурасының басқарма аға прокуроры Жанерке Атыкаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда екі адам тоққа түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр