Алмалы ауданы көркейе түспек: Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырма берді

Жоба аясында балалар мен спорт алаңы, workout-аймақтар, скейт-парк,  велосипед тұрақтары жасалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алмалы ауданы одан әрі көркейе түспек. Есен Дүйсенов көшесінен Даргомыжский көшесіне дейінгі ұзындығы 2,3 шақырым болатын аумақ күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көгалдандыру жүргізіліп, жүргіншілерге арналған жол салынады. Мұнымен қоса, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Жарықтандыру және суару жүйелері де жаңа кейіпке енеді. Жоба аясында балалар мен спорт алаңы, workout-аймақтар, скейт-парк, ашық спорттық жаттығу құрылғылары, шахмат үстелдері мен велосипед тұрақтары жасалады. Сквер жобасымен қала әкімі Дархан Сатыбалды танысып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

«Жоспар бойынша, аталған аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тамшылатып суару жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ кабель желілері ауыстырылады. Бұл іс-шаралар Прокофьев көшесіндегі учаскелерді және «Будан» скверінің аумағын да қамтиды. Басты мақсат – аудан тұрғындарына жайлы әрі қолайлы жағдай жасау», – деді Алмалы ауданы көріктендіру бөлімінің бас инспекторы Бауыржан Тұрсынәлиев.

Айта кетейік, әкім 240 орынға арналған балабақша құрылысының барысымен танысты. Шаһар басшысы жұмыстың белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Алматыда аймақтық біріктірілген анестезияның бірегей әдісі қолданыла бастады

Новости партнеров