Алмалы ауданында білім беру саласын дамыту мәселесі талқыланды

Жиынға қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматының Алмалы ауданында 5 жаңа мектеп салу қажет». Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ маңызды басқосуда Алмалы аудандық білім бөлімінің міндетін атқарушы баяндама жасап, қазір ауданда 60 балабақша мен 49 мектеп жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Одан бөлек, кездесуде аудан аумағындағы мәдениет, тіл және дін салаларындағы ахуал сөз болып, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар мен болашақ бағыттар ортаға салынды.

 «Абзал Нүкенұлы аудандағы мәселелерді талқылап, қалай шешу керек екенін көрсетіп, нақты тапсырмалар берді. Ғылыми, мәдени, спорттық шаралар, дін және аудандағы ағымдық саяси ахуалдардың нәтижесі талқыланды», – деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ербол Қалдарбеков.

«Мектепке дейінгі бөліміміз 27 мекемеде 5 мыңнан астам тәрбиеленуші бар. Қазіргі уақытта №10 балабақшада күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Құдай бұйырса, 2026 жылы тамызда аяқталады. Жоспарда 43 балабақша және 139 балабақша тұр. Оларда осы жылдың аяғына дейін күрделі жөндеу жұмысқа жоспарына кіруі мүмкін», – деді Алмалы ауданы Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мираш Даскеева.

Оқи отырыңыз: Almaty Business-2025: былтыр 3 млрд теңгеден аса жеңілдетілген несие берілген

Новости партнеров