Қайғылы оқиға 21 маусымда сағат 13:00 шамасында болған
Алматы облысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Алматы облысында 21 маусым күні сағат 13:00 шамасында Алматы – Бішкек тас жолының 135-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы Mitsubishi Pajero жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ол алдымен Toyota Highlander көлігімен, кейін DAF жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mitsubishi Pajero көлігінің төрт жолаушысы мен Toyota Highlander көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Басқа жолаушылар түрлі жарақатпен жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді», - деп мәлімдеді полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда қоршаған ортаны ластаған кәсіпкерге 7 млн теңге айыппұл салынды