Almaty Dream Party: Көктөбеде жобаның төртінші маусымы басталды

Концерттік бағдарламаны биыл да Almaty. TV ұйымдастырып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көктөбеде Almaty Dream Party жобасының төртінші маусымы басталды. Концерттік бағдарламаны биыл да Almaty TV ұйымдастырып отыр.

Шаһар тұрғындары сүйікті әншілерінің өнерін маусым айынан бастап, жаздың соңғы күніне дейін аптаның әр сәрсенбісінде тамашалай алады.

Сағат 19:00 - 21:00 аралығында өтетін концертке кіру тегін. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бастамада танымал туындылар шырқалып қана қоймай, тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге жағдай жасалады.

 «Бұл - Алматының тұрғындары мен қонақтары, туристер жиі келетін шаһардағы биік нүктелердің бірі. Көбінде Көктөбеге ата-аналар балаларымен келеді. Олар уақытын қызықты өткізу үшін концертке қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бізде танымал әншілерден бөлек, шыңдалып келе жатқан жастар да өнер көрсетеді», – деді  Almaty. TV-дың бас продюсері Ралида Мұқанова.

Оқи отырыңыз: Әл-Фараби даңғылы: «Алматы көшелері» бағдарламасының жаңа шығарылымы шықты

Новости партнеров