Алматы әкімі Алатау ауданындағы жаңа логистикалық кешеннің жұмысымен танысты

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нысан тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуге қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданында орналасқан Magnum E-commerce жаңа логистикалық кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Жұмыс сапары барысында онлайн тапсырыстарды өңдеуге және қала тұрғындарына жедел жеткізуге арналған заманауи dark store — тарату орталығы таныстырылды. Нысан қазіргі логистикалық стандарттарға сай салынған және тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуге қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

Жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып, электрондық коммерцияны дамытуға, сервистің сапасын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Нысанның жалпы қуаты тәулігіне 14 мыңға дейін тапсырысты өңдеуге мүмкіндік береді, бұл қаланың логистикалық әлеуетін едәуір күшейтеді.

Тексеру барысында еңбек үдерісін ұйымдастыру, цифрландыру деңгейі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және қала құрылысы нормаларына сәйкестік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осындай нысандарды дамыту экономиканы әртараптандыруға және қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.

Алматы әкімі заманауи логистика мен сервис талаптарына сай келетін, жұмыс орындарын құратын инвестициялық жобаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда Жаңа жыл мерекесіне арналған қандай мәдени іс-шаралар өтеді

Новости партнеров