Алматы қуыршақ театры Шекспир фестиваліне жолдама алды

Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының баспасөз қызметі
Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының баспасөз қызметі

Фестиваль 2026 жылы Румынияның Крайова қаласында өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылы режиссер Дина Жұмабайдың «Ромео мен Джульетта» спектаклі қазақ тілінде әлемдік сахнаға жол тартып, жаңа биікке көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл шілдеде Францияның Авиньон қаласында халықаралық «Off Avignon» фестиваль аясында әлемдік театр кеңістігінде беделі зор «International Shakespeare Festival Craiova» ұйымдастырған ерекше жоба жүзеге асты. Бұл бастаманың мақсаты – Уильям Шекспир шығармаларының заманауи интерпретациясына арналған үздік спектакль мен театр ұжымын іріктеу.

Әлемнің әр түкпірінен келген 18 театрдың ішінде Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры ең үздік театрдың бірі атанды.

«Ромео мен Джульетта» спектаклін тамашалап шықтық. Қатты серпіліс алдық. Бұл бір ерекше ғажайып спектакль болды. Авиньондағы фестивальдің үздік туындыларының бірі деп айта аламын. Көзіме жас алған сәттер де болды. Жоғарғы деңгейде сахналанған, режиссурасы да, актерлік ойыны да керемет спектакль. Бізге осындай туындыны көруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!» – деп атап өтті «International Shakespeare Festival Craiova» фестивалінің ұйымдастырушысы Андрей Стефанескью.

Айта кетейік, өнер ордасы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 16-26 шілдеде Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклін қуыршақ бейнесінде сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. 

Театр әлеміндегі үздік шығармашылық ұжымдармен байланыс орнату, кәсіби тәжірибе алмасу, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру сынды көптеген маңызды мақсаттарды жүзеге асырған «Off Avignon» фестивалі – Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының Франция, Англия, Германия, Италия сынды елдермен мәдени байланысын кеңейтіп, шығармашылық көкжиегін жаңа деңгейге көтерген маңызды көпірге айналды.

Оқи отырыңыз: Алматы - түркі әлеміндегі жастар қаласы

Новости партнеров